Сейтжанова Жанна Серікжанқызы

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның ректоры.

Сейтжанова Жанна Серікжанқызы, 1977 жылдың 29 тамызында Шымкент қаласында дүниеге келді. Шымкент қаласындағы орта мектепті бітірген.

 

  • 1994 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы «Әлеуметтік саладағы Экономика және менеджмент» біліктілгі бойынша «Әлеуметтік саладағы экономист- менеджер» мамандығын бітірді.
  • 2000 - 2018 жылдар аралығында халыққа қызмет көрсету саласындағы бірнеше ЖШС құрылтайшысы және директоры болды.

Өзінің білімі мен дағдыларын одан әрі тереңдетуге ұмтыла отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде оқуын жалғастырды және біліктілікті арттырудың бірқатар маңызды бағдарламаларынан өтті, соның ішінде:

  • "СКОЛКОВО" Мәскеу басқару мектебі (0005389, № SP 004964, 05.07.2020), "ректорлар мектебі 18: университеттің трансформациясын басқару" бағдарламасы, жоғары білім беру ұйымдарын басқару саласында кәсіби қызметті жүргізу бойынша кәсіби қайта даярлаудан өтті.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (MBA 00015871150, № 6150, 01.07.2021) денсаулық сақтаудағы іскерлік басқару , іскерлік басқару магистрі.
  • 2021 жылдың қазан айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалы өткізген 24 академиялық сағатта "Білім беру саласындағы Менеджмент" тақырыбында мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша семинар бағдарламасын сәтті орындады.
  • 2021 жылдың қараша айында Астана қаласы, ҚР ДСМ "С. Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" жанындағы "Денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу" тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.
  • 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалы "ОҚМА" АҚ базасында өткізген "ISO 37001:2016 халықаралық стандарты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс" оқыту семинарына қатысты.
  • 2023 жылдың ақпан айында Малайзия университетінің өкілдері жүргізген "ЕЕМ 4013, Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік. Медициналык бизнесті бастау" бағдарламасын өтті.
  • 2018 жылы "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы"АҚ Қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі проректоры болды.
  • 2024 жылдың қыркүйегінен бастап  "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ ректоры қызметін атқаруда.