«Медициналық білім беруді трансформациялау: жаһандық трендтер және болашақ мамандарын даярлау» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Медициналық білім беруді трансформациялау: жаһандық трендтер және болашақ мамандарын даярлау» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты — медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлауда жасанды интеллектті, цифрлық құралдарды, оқытудың интерактивті әдістерін және басқа да инновацияларды тиімді қолдану. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мен фармацевтикалық практика саласының қарқынды өзгеріп жатқан жағдайына түлектерді бейімдеу және білім сапасын арттыру жолдарын талқылау.
Конференцияның ашылу рәсімінде «ОҚМА» АҚ ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар мен сала мамандары қатысты. Атап айтқанда: «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» КеАҚ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жайнақбаев Нұрлан Темірбекұлы; Республикалық оқу-әдістемелік кеңес Оқу-әдістемелік бірлестік төрағасының орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор Имашева Бағдат Сәкенқызы; Түркия медициналық ғылымдар университетінің ректор кеңесшісі, Еуразиялық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар ғылымизерттеу орталығының директоры, клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі, нейропсихология ғылымдарының докторы, профессор Айнур Фейзиоғлу; Ташкент мемлекеттік медицина университеті Емдеу жұмыстары жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Каримов Маъриф Шакирович.

Конференция модераторы ОҚМА-ның академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анартаева Мария Ұласбекқызы болды. Конференция аясында «ОҚМА» АҚ мен Ташкент мемлекеттік медицина университеті Чирчик филиалының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Пленарлық отырыста «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» КеАҚ цифрлық даму жөніндегі проректоры Александр Вдовцев, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұргүл Абенова, JSS фармация колледжінің фармацевтикалық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор Bannimath Gurupadayya, ОҚМА медицина факультетінің деканы Айзат Сейдахметова, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Зауреш Нағайбаева, ОҚМА «Медбиофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Марина Иванова, Санкт-Петербург мемлекеттік химияфармацевтикалық университеті ТМД жоғары оқу орындарымен білім беру бағдарламалары департаментінің бастығы Виктория Казакова, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ А.А.Шортанбаев атындағы Жалпы иммунология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Бейбітгүл Байсұлтанқызы, ОҚМА «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, PhD докторант Элдор Юнусметов баяндама жасады.
Конференция жұмысы секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Секциялық отырыстар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізудің тиімді жолдарын талқылады.
6 қаралым