ОҚМА ректоры ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
Бұл марапат – Жанна Серікжанқызының медициналық білім мен ғылымды дамытуға, білікті мамандар даярлауға және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға қосқан үлесінің айқын көрінісі.
Жанна Серікжанқызының басшылығымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ғылыми зерттеулерге, жас ғалымдарды қолдауға және отандық әрі шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұжымы Жанна Серікжанқызын мерейлі марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбегіңізге табыс және ғылым мен білім саласында жаңа жетістіктер тілейміз!
Мәртебеңіз артып, абыройыңыз асқақтай берсін!
33 қаралым