ОҚМА СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ: ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕР МЕН ТРЕНДТЕР ТУРАЛЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші ғалымдары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда стоматологияның қазіргі жағдайы туралы талқылады.

Ғылыми форумды аша отырып, Академия ректоры, профессор М. М. Рысбеков, «Салауатты университеттер» және «Салауатты ұлт» анықтамаларының маңыздылығын баса айтып, медицина және денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында Қазақстанның стоматологиялық қызметінің дамуын атап өтті. Ол сондай-ақ, конференция делегаттарына конференция жұмысына қатысып, әріптестеріне және ЖОО-да білім алып жатқан студент жастарға бай практикалық тәжірибе беруге тілек білдіргені үшін алғысын білдірді.

Медицина ғылымдарының докторы, Ташкент дәрігерлерді жетілдіру институтының хирургиялық стоматология кафедрасының профессоры А. А. Абдукадыров құттықтау сөзінде екі елдің жоғары оқу орындары үшін перспективаны ашатын тығыз ынтымақтастыққа назар аударды, реконструктивтік медицина бойынша кітап сыйлады.

Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының біліктілікті арттыру орталығының клиникалық имплантология және пародонтология курстарының жетекшісі Б.А. Бакиев ОҚМА-да көп бейінді университеттік клиниканың құрылысына байланысты тамаша перспективалар ашылатынын атап өтті.

Медицина ғылымдарының докторы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар стоматологиясы кафедрасының профессоры А.Д. Мамеков қатысушылардың назарын балалар жасындағы стоматологиялық аурулардың алдын алуға аударып, клиникалық ординатура және білім алуға деген ниет болашақ мамандарға өз ісінің кәсіпқой маманы болуына мүмкіндік беретіндігін алға тартты.

Халықаралық конференцияның модераторы, «Алмагест» клиникасының директоры М.А. Темирбаев ортопедиялық стоматологиядағы протездеудің заманауи технологияларына тоқталды.

ЮНЕСКО GEO бағдарламасындағы халықаралық сарапшы, Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының профессоры З.М. Мухамедова баяндамасының тақырыбы биоэтика, «Дәрігер мен пациент» арасында туындайтын мәселелер жайында болды.

Жұмыс барысында конференция және стоматолог-дәрігерлерді дайындайтын білім беру бағдарламасын жетілдіру жөнінде «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Ғылыми форум қатысушыларына сертификаттар ұсынылды.

Райхан Шаймерденова

 

10/07/20 10:17 492 қаралым