Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ректорының халыққа есебі
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор М.Рысбеков 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша және есептік кезеңдегі білім беру, ғылыми-зерттеу және қаржылық жұмыстардың нәтижесі туралы қоғамдық есеп берді. Ректор өз есебінде академия тарапынан жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Азаматтардың арасында өзін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақ қойушыларға нақты жауап берілді. Сонымен бірге алдағы жоспарлар көпшілікке қысқаша таныстырылды.
Есеп беру жиынына академия оқытушылар, қоғамдық ұйым мүшелері, студенттердің ата-аналары, академиямыздағы ақсақалдар алқасы, белсенді студенттер мен қоғам жұртшылығы қатысты.
07/10/22
04:40
206 қаралым