Қоршаған орта және денсаулық
2025 жылдың 27-29 мамыр аралығында ректор Сейтжанова Ж.С., ғылым және стратегия жөніндегі проректор Аукенов Н.Е.-нің қолдауымен, ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досыбаева Г.Н., гигиена және эпидемиология кафедрасының қызметкерлері: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Утепов П.Д., медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ескерова С.У.-ның қатысуымен АҚШ-тан келген ғалымдардың қатысуымен «Қорғасынмен уланудың алдын алу: Қырғызстан, АҚШ және Үндістанда ғылыми дәлелденген тәсілді қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға келесі ғалым-спикерлер қатысты: Айдар Қапасов – Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, "Human Health Institute" (Адам денсаулығы институты) қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан адам денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы; Петр Шаров – биология ғылымдарының кандидаты, Грузия, Тбилиси қаласындағы Экологиялық денсаулық және ластануды бақылау институтының жетекшісі, қорғасынмен улану қаупін бағалау саласындағы сарапшы; ЮНЕСКО-ның халықаралық «Экология» кафедрасының доценті, Ресей, Владивосток, Қиыр Шығыс федералды университеті; Casey Bartrem, PhD – TerraGraphics International Foundation (TIFO) атқарушы директоры, Ramazzini колледжінің мүшесі, АҚШ, Айдахо университеті, топырақ және су жүйелері факультетінің доценті, қорғасынмен улану қаупін бағалау саласындағы сарапшы; Marina Steiner – магистрант, Айдахо университеті, қоршаған орта факультеті, Москоу қ., АҚШ.
АҚШ-тың ғылыми тобы ректор Сейтжанова Ж.С.-мен кездесіп, әлемде және соның ішінде Шымкент қаласында ауыр металдардың әсерін зерттеу және халық пен қоршаған ортаны сауықтыру жолдары туралы жоспарларымен бөлісті. АҚШ ғалымдарымен бірге профессор Досыбаева Г.Н. (оның жетекшілігімен 2011–2013 жылдары Шымкент қаласында «Өнеркәсіптік қала балаларының қорғасынмен улану қаупін экологиялық-гигиеналық бағалау» зерттеуі жүргізілген) және м.ғ.к. Ескерова С.У. (гигиенист-дәрігер) қорғасын зауытына жақын тұрғын аудандардан ауыр металдардың бар-жоғын тексеру мақсатында топырақтан экспресс-анализатор арқылы сынама алды.
Пилоттық сынама нәтижелеріне сүйене отырып, алдағы уақытта ғылыми негізделген болжам және сауықтыру бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін толыққанды әрі кең ауқымды зерттеулер қажет болады.
