«Қазіргі фармакологиядағы дәстүрлі медицина»

15 мамыр 2026 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Қазіргі фармакологиядағы дәстүрлі медицина» атты X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция ұйымдастырушылары: ОҚМА фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан гирудотерапевтер альянсы және «Гирудомед» клиникасы.

Конференция жұмысына Қазақстан, Корея, Беларусь, Ресей, Польша, Эстония және Украина елдерінен ғалымдар, мамандар және тәжірибелік дәрігерлер қатысты. Бағдарлама аясында дәстүрлі медицина, заманауи фармакология, медициналық оңалту, гирудотерапия, фитотерапия, апитерапия, инерефлексотерапия және емдеудің дербестендірілген тәсілдері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Дәлелді медицина тұрғысынан дәстүрлі медицина әдістерінің қауіпсіздігі мен тиімділігіне, сондай-ақ оларды заманауи денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция аясында жас ғалымдар конкурсы өткізілді. Конкурс нәтижесі бойынша 1-орынды ОҚМА фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы Туреханова Аружан Сабитовна, 2-орынды ОҚМА 1-курс магистранты Есенгелді Әсел Серікбайқызы иеленді.
Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Конференция тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Барлық қатысушыларға, баяндамашыларға, ұйымдастырушыларға және қонақтарға жемісті жұмысы мен жылы атмосфера үшін алғыс білдіреміз!

18/05/26 12:03 31 қаралым