ӨҢІРЛЕРДЕ ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІС МЕН СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТУДЕ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Әлтаев Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студент жастарымен және ұжымымен кездесу барасында әлеуметтік қамсыздандыру, мұғалімдердің жалақысын арттыру, қоғамдық көлік жұмысы, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына субсидия бөлу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу барысында депутат қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Олар зейнетақы жүйесіндегі реформаларға, ауруханалық парақтарды төлеуге, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тек мемлекеттік медициналық мекемелерде ғана емес, жеке клиникаларда жұмысқа орналасуға, студенттер арасында еріктілер қозғалысын дамыту мен жетілдіруге, оларды тіркеу және 30 пайыз шәкіртақы мөлшерінде төлеуге, өмірлік қиын жағдайларда жүрген студенттер үшін тегін жол жүру билеттеріне, фармацевтикалық факультетте "фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша оқыған ЖОО түлектерін қайта мамандандыру "фармацевт" дипломын алу мәселелерді көтерді.

Нұржан Әлтаев толғандырған сұрақтарға жауап беріп, әңгімеге қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді, сайлаушылармен кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Бір қаттар сұрақтарды өз бақылауына алатынын, ал олардың кейбіреулері Нұр-Сұлтанға келген соң министрлікке депутаттық сауал ретінде жіберілетінің айтты.

Ректор М. М. Рысбеков академияның 1000 төсектік көпсалалы университет клиникасының құрылысын жүргізе бастағанын, депутатқа кездесу үшін алғысын білдіріп, жаңа жылда табыс тіледі.

 

 

03/07/20 11:14 653 қаралым