ОҚМА-да Үндістан Республикасының Елшісімен ресми кездесу өтті

2025 жылғы 24 қарашада Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мырза Ы.К. Сайлас Тангал ресми сапармен келді. Бұл маңызды кездесу академия мен Үндістан Елшілігі арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.
Сапар барысында Елші мырза академия басшылығымен, проректорлармен және жауапты бөлім басшыларымен кездесу өткізіп, ОҚМА-ның халықаралық бағыттағы жұмысы, Үндістаннан келген студенттердің білім алу жағдайы, қауіпсіздігі және қолдау шаралары талқыланды.
Кездесу бағдарламасы аясында:
Елші мырзаның ректормен ресми кездесуі өткізіліп, екіжақты серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылды;
Академия басшылығымен кеңейтілген форматта пікір алмасу өтті;
Академияның оқу корпустары мен зертханаларын аралап, инфрақұрылыммен танысты;
Үндістан студенттерімен ашық кездесу өткізіліп, Елші мырза студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі, сұрақтарға жауап берді.
Ректор өз сөзінде Үндістаннан келген білім алушылардың академиялық қауымдастықтағы маңызды рөлін атап өтті және екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.

Үндістан Елшісінің сапары ОҚМА-ның халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған жұмысының тағы бір маңызды қадамы болып табылады. Академия алдағы уақытта да Үндістанмен білім беру, ғылым және мәдени байланыстарды кеңейтуге дайын.

1 қаралым