ТҰСАУКЕСЕР

2020 жылдың 7 қазан күні үлкен мәжіліс залда бірінші курс студенттеріне арналған «Тұсаукесер - 2020» салтанатты жиыны өтті.

Мерекені академия құрылтайшысы С.Сейтжанов ашып, академия тарихына, көпбейінді клиника құрылысына, медицина мен білім берудегі инновациялық технологияларға тоқталып өтті. Ол нағыз дәрігер болу үшін оқу, білім қорын толықтыру, болашақта таңдаған мамандығының жоғары деңгейіне сай болу керектігін атап өтті.

Жиналған қауым алдында ректор, профессор М.Рысбеков, фармация факультетінің деканы Қ.Дәуренбеков, медицина факультетінің деканы Б.Долтаева, медицина колледжінің директоры А.Кушкарова сөз сөйледі. Олар ең бақытты студенттік жылдарда білім алуда табыс тіледі.

С.Сейтжанов ОҚМА-ға оқуға түскен бірінші курс студенттеріне символикалық «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады.

Бірінші курс студенттері салтанатты түрде дәрігер антын қабылдады. Студенттік өмір – оқумен қатар өз таланттарын ашуға, өзін спортта, өнерде көрсетуге мүмкіндік береді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен, атап айтқанда опера әншісі Мадихан Дүйсеев, баяншы Махмуд Урумбаев пен барабаншы Бурхан стайлдың қатысуымен аяқталды.

 

03/07/20 04:43 792 қаралым