WEBEX ПЛАТФОРМАСЫНДА ОҚМА АПТА БОЙЫ РЕСЕЙДІҢ ЖЕТЕКШІ ҒАЛЫМДАРЫМЕН БІРГЕ «СOVID-19» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Маусым айының бірінші онкүндігінде (01-05.2020ж.) ОҚМА-да Фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар Ұлттық медициналық зерттеу орталығының, РФ ДСМ Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университетінің, Төменгі Новгород қаласының (Ресей) Приволжск медициналық зерттеу университетінің ғалымдарымен жаңа коронавирустық инфекция бойынша он-лайн бейнеконференция өтті.

Қорытынды бейнеконференцияда ОҚМА ректоры, профессор М.М. Рысбеков баяндама жасаған барлық қатысушыларға: И.А. Васильева (Жаңа коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында туберкулезге қарсы көмек көрсету бойынша ұсыныстар) – директор, Н. Ю. Пшеничная (COVID-19: Клиника, дифференциалды диагностика, емдеу және алдын алу)- халықаралық ынтымақтастық бөлімі; А.Е. Панова (Нуклеин қышқылдарын амплификациялау әдістерімен CОVID-19 диагностикасы үшін арнайы зертханалық зерттеуді ұйымдастыру) – зертханалық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі (РФ ДСМ фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар ұлттық зерттеу орталығы); Н.Н. Зверева - РФ ДСМ Н.И. Пирогова атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің балалардағы жұқпалы аурулар кафедрасының доценті (Балаларда жаңа коронавирустық инфекциядан (COVID-19) туындаған аурудың клиникалық көріністері мен емдеу ерекшеліктері); С.В.Копишинская (COVID-19 пандемиясы жағдайында неврологиялық науқасты жүргізу бойынша шетелдік ұсыныстарға шолу.)- РФ Нижний Новгородынан Приволжск медициналық зерттеу университетінің доцентіне алғыс білдірді. ЖОО-ның бірінші басшысы И.А. Васильеваның Мәскеуде өтетін іс-шараларға қатысуға шақыруын қабылдады.

- Біздің сұхбат алаңымызда сіздердің әрқайсыңыз тәулік бойы ыстық желіні ұйымдастырудағы, Ресей Федерациясының субъектілеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсету үшін мультидисциплинарлық көшпелі бригадаларды құрудағы, телемедицина арқылы барлық мамандық дәрігерлеріне тәулік бойы медициналық кеңес беру; зертханалық диагностика; балалар мен ересектерді, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарды және неврологиялық науқастарды диагностикалау, емдеу жөніндегі алғашқы тәжірибесімен бөлісті. Бұл тәжірибе, әрине, Қазақстанда да, Ресейде де пациенттерді емдеудің тактикасы мен жүргізілуіндегі барлық кезеңдерінде көмектеседі. Білім беру вебинарлары, өздеріңіз білетіндей артық болмайды.

Біздің ынтымақтастығымыз жемісті де, тығыз қарым-қатынаста болуы керек деп есептеймін, өйткені Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары медицина және денсаулық сақтау үшін мамандар даярлайды.

Бізде білім беру кеңістігінде ортақ нәрсе көп. Ақпараттық кеңістік те тек нығайып, дами берсін, - деп М.М. Рысбеков атап өтті.

Семинар жұмысына ҒЗИ, ҒО, зертхана мамандары, ҚР ДСМ қызметкерлері қатысты.

Райхан Шаймерденова

 

03/07/20 05:01 765 қаралым